АӨСШК елдері жаңа көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруы қажет – президент

Sputnik
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер жаңа көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің пікірінше, Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім.
"Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды", - деді Тоқаев елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің алтыншы саммитінде.
Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келуі мүмкін – Тоқаев