АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Астанада белгісіз біреу көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлап, артынан ақша талап еткен. Ұрының өз "қолтаңбасы" да болды.
Ол "нөмірге қатысты Telegram-ға жаз!" деп, артынан ақша аударуды талап еткен. Сосын нөмірдің қай жерде жатқаны көрсетті. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
30 жастағы ер адам ұрланған әрбір нөмір үшін автокөлік иелерінен 7-10 мың теңге талап еткен. Полиция арызданғандардың ішінде Ресей азаматтары да бар. Ал күдіктінің нөмірді ұрлау әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Полиция арыздған бір ресейлік түнде белгісіз біреудің Kia Ceed автокөлгінен мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын айтты. Ұры оған хат тастап кетті. Онда Telegram арнасының байланыс деректерін көрсетіп, нөмірді қайтару үшін ақша талап еткен.
Қазір қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 4 000 айлық есептiк көрсеткiшке (12 720 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.