АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуден кейін астық келісімі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ресей мен Украина соғысы азық-түлік қауіпсіздігін бүкіл әлем үшін өзекті мәселеге айналдырды. Астық келісімінің орындалуын қамтамасыз ету арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттемелерді орындадық. Әлемнің ең маңызды астық өндірушісі және экспорттаушыларының бірі Қазақстанмен бұл салада да ынтымақтасуға болады", - деді Ердоған.
Айта кетері, биыл 22 шілдеде Ыстанбұл қаласында Украина, Ресей, Түркия мен БҰҰ өкілдері Черноморск, Одесса мен Южный порттарынан теңіз дәліздері арқылы украин астығын шығару туралы келісімге қол қойған. Оны "Астық келісімі" деп атап кетті.