АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан президентіне бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Түркия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақордада өткен кездесуден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік әріптесін бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Награда Ердоғанға қазақ-түрік қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. Түркия президенті марапат үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
"Бірінші дәрежелі "Достық" орденінің табысталуы мен үшін үлкен тосын сый болды. Мен сезімімді қалай жеткізерімді білмеймін. Бұл мен үшін ерекше тосын сый, ерекше сезім. Мен өзім, отбасым және ұлтымның атынан сіздерге көп-көп рахмет айтамын", деді Ердоған Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдемеде.
Айта кетері, бүгін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасында жұбайы Эмине Ердоған да бар. Оларды Астана әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Түрік көшбасшысы елордада өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады.