АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов елорда әуежайында халықаралық іс-шараларға қатысу үшін келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты күтіп алды.
Сонымен қатар үкімет басшысы Өзбекстан президенті Шавката Мирзиёев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қарсалды.
Қырғызстан мен Өзбекстан басшылары Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.
Ал Әзербайжан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.