АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. "Орталық Азия – Ресей" алғашқы саммиті Астанада 14 қазанда өтеді.
Оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалады, деп хабарлады РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Ресей басшысынан бөлек саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан президенттері қатысады.
Ушаковтың сөзінше, Орталық Азия елдері көшбасшылары мен Ресей арасында тығыз байланыс орнаған. Соған қарамастан мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамыту мәселелерін көзбе-көз талқыламақ.
Рф президентінің өкілі Астанадағы саммитте Түркия көшбасшысы Режеп Тайип Ердоған Владимир Путинге Украинаға қатысты идеясын айтады деп күтілетінін атап өтті.
"Маңызды кездесу болады. Бұл Ердоғанмен болатын кездесу. Анкара Украинаға қатысты мәселеде маңызды рөл атқарады. Көпшілігі түріктер қақтығысты реттеу контексінде басқа бастама көтеруі мүмкін дегенді айтып жүр. Баспасөзде Түркия тарапы бұған қатысты нақты ұсыныс айтатыны туралы аз жазылған жоқ. Ердоған кездесуде бұл мәселені қозғайды деп ойлаймын", - деді ол.