Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаны демонтаждаудың жаңа кезеңі басталды ма

Sputnik
Ресей президенті Владимир Путин Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін Киев билігінің әрекетін терроризмге теңеді, деп жазды РИА Новости.
Украинаның энергетика, байланыс және әскери басқару сынды инфрақұрылымдық нысандарына жаппай соққы жасау арқылы ескерту жасап, Ресейдің мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Бірақ әзірше электр жарығынан ажырату және көпір мен коммуникацияларды қирату тактикасына көшкен жоқ.
Украинаның энергетикалық, байланыс және әскери басқару сынды инфрақұрылымдық нысандарына жаппай соққылар арқылы Ресей ескерту эжасап, өз мүмкіндіктерін көрсетіп жатыр. Бірақ көпірлер мен коммуникацияларды қирату және электрден ажырату тактикасына әлі көшкен жоқ.
Бұл Қырым көпіріне жасалған шабуылға да, Курск атом электр стансасына шабуыл жасау әрекеттеріне де жауап болып табылатын бір реттік әрекет. Ал Украинаның энергетикалық және теміржол байланысын тоқтату, яғни майданға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуге тосқауыл қою, көпірлерді жою үшін бір реттік соққы емес, бірнеше апта бойы күнделікті шабуылдар жасау қажет.
"Егер біздің аумақта лаңкестік әрекеттер жасау жалғаса берсе, Ресей тарапынан қатал жауап қайтарылады және оның ауқымы Ресей Федерациясына келтірілген қауіп-қатер деңгейіне сәйкес болады. Бұған ешкімнің күмәні болмауы керек", - деді Путин.
Дегенмен, бұл Киев ресейлік инфрақұрылымға диверсиялық шабуыл жасаудан бас тартқан жағдайда Ресей уккраин нысандарын жайына қалдырады дегенді білдірмейді. РИА Новости жазғандай, себебі, Украинадағы азаматтардың өмірін сақтауға қанша тырысқанымен, Ресей өз тактикасын өзі шешедді. Сондықтан, жеңіске жеткізу үшін энергетикалық желілерді істен шығарып, көпірді бұзу қажет болса, Ресей мұны орындайтыны белгілі.
Оның пікірінше, Ресей Украинаны жеңіп қана қоймай, оны орыс әлемінің қалыпты жағдайына қайтаруды көздейді. Себебі, бұл бауырлас екі халық шоғырланған қос мемлекеттің жауласуы болып отыр. Қазір украин халқының басым бөлігі қазіргі билікті өз билігі, ал Батысты игілік әкелуші тарап деп санайды.
Ресей бастапқыда кез келген әдіспен жеңуді мақсат еткен жоқ. Себебі, бұл қарапайым украин халқына азап пен қайғы алып келеді. Сондықтан әскери іс-қимыл неғұрлым ұзақ созылған сайын Украинаның жағдайы соғұрлым қиындай береді. Ресей инфрақұрылымға соққы жасамаса да, үлкен шығын мен жаппай мобилизация Украинаны жұмыс күшінен айырып, оның экономикасын құлдыратады. Ресей үшін де арнайы операцияның мерзімі ұзарғаны тиімді емес. Бірақ, Ресейдің күш-қуаты басқа, ал Украина тек Батыстың қолдауына, анығында, осы қақтығысқа оның тікелей араласуына үміт артып отыр.
"Бірақ Батыс ешқашан мұндай қадамға бармайды. Себебі, ол үшін Ресеймен Украина арқылы соғысу әлдеқайда тиімді. Сондықтан Киев жағдайды шиеленістіру, Батысты Ресеймен тікелей қақтығысқа тарту әрекеттерін жалғастыра береді. Қырым көпіріне жасалған терактінің себебі де осында жатыр", - деп жазды мақала авторы.
Киев Қырым көпіріне шабуыл жасау арқылы ол Мәскеуде қандай реакция тудыратынын, қандай жауапты шара қолданатынын жақсы білді. Бұл батыс қоғамының пікіріне әсер ету, Батысты жаңа қару-жарақ түрін жеткізуге ынталандыру, НАТО күштерімен Украина аспанын жабу, Ресейге ультиматум қою мақсатында жасалды.
"Украина мемлекеті нацистік саяси режимді ұстанған қазіргі ахуалымен Ресейге тұрақты, тікелей және айқын қауіп төндіретін болады. Сондықтан, халқымызды және еліміздің шекарасын қорғаумен қатар, біз Украинаның саяси режимін толығымен жоюды болашақтың жоспары ету керекпіз", - деді Путиннің Қауіпсіздік кеңесіндегі орынбасары Дмитрий Медведев.
Бұл Ресей президентінің бастапқыда арнайы әскери операцияның мақсаттары деп көрсеткен денацификациялау және демилитаризациялау ұғымына сәйкес келіп тұр. Оның үстіне, Украинаның орыс әлеміне қайта оралуына осы шаралар ғана ықпал ете алуы мүмкін. Қазір бұл процесс бірнеше облыстың Ресейге қосылуынан басталды, деп жазды автор.