Қызылорда облысының тұрғынынан 8 келіден астам есірткі мен тіркелмеген екі қару анықталды

Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан 8 келіден астам есірткі мен тіркелмеген екі қару анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізуде. 8 қазан күні полиция қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында алюминий флягасына салынған ерекше иісі бар шөп және ішкі істер органдарында тіркелмеген екі қару анықталды.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 8 кг 493 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.