АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкерлері эвакуацияланады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Елшілік қазір жұмыс істеп тұр. Қазір елшілікті жабу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Күн тәртібінде біздің елшіліктің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесі тұр", - деді Смадияров үкімет кулуарында.
Ол бұл мәселе жақын арада шешілетінін және қызметкерлер толығымен эвакуацияланатынын атап өтті.
Қазір СІМ Украина аумағында қанша қазақстандық жүргенін тексеріп жатыр.