АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. "Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі президент сайлауына Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын ұсынды.
"Иә, бүгін мені президенттікке ұсынды. 11 қазан үміткерлерді ұсынудың соңғы күні екенін білеміз. Бірақ жұмыс күні кешкі сағат 18:00-ге дейін ғой, уақыт әлі бар. Заң бойынша бүгін құжат тапсырамыз", - деді Тұрсынбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Заңгер Салтанат Тұрсынбекова отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысқан. Әйелге қол көтеретін басбұзарларды қоғамдық бақылау институттарын құру бастамасын да көтерген.
Тұрсынбекова Астана қаласының қоғамдық кеңесіне кіреді. Бұдан бөлек, президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссияның мүшесі.
Бас прокурордың маңызды істер жөніндегі аға көмекшісі болған. "Отбасыдағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасына жетекішілік етті.