АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Республикалық "Асар" оралмандар бірлестігі президенттікке үміткер ретінде Хайролла Ғабжалиловті ұсынды.
11 қазан күні Орталық сайлау комиссиясына Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті.
Атап айтқанда, республикалық "Асар" оралмандар бірлестігі жоғары органы отырысының президенттікке кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, ОСК шотына сайлау жарнасының енгізілгені туралы құжат және Ғабжалиловтің кандидат болуға келісетіні жайлы өтініші ұсынылды.
72 жастағы Хайролла Ғабжалилов – Өзбекстан тумасы.
Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Кандидаттарды ұсыну бүгін, 11 қазан сағат 18.00-де аяқталды.