Маңғыстауда бір топ жасөспірімнің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысы Шетпе ауданында 16 мен 18 жас аралығындағы бір топ жасөспірім жаппай төбелеске шыққан, деп хабарлайды Polisie.kz
Оқиға 8 қазан сағат 22.00 шамасында Шетпе ауылындағы теміржол вокзалының жанында болған. Олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл факт бойынша ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.