Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, хабарлайды Olympic.kz.
Ол 55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.
Екінші орынды қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға өзбекстандық Нигора Абдуллаева табан тіреді.