АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.
"Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды", - деп атап өтті мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Станислав Зась Астанаға жұмыс сапарымен келді, оның барысында ол сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті.