Стамбұлға ағзасын ауыстыруға барған қазақстандық қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Түркияда емделуге барған Қазақстан азаматы қамауға алынды. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
"Дипломаттарымыздан Түркияның құқық қорғау органдары біздің азаматты ұстағаны жайлы ақпарат түсті. Ол Түркияға ағзаны ауыстырып орналастыруға барған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған жалған құжат жасады деген айып тағылған. Яғни, донорды туысы ретінде көрсеткен және ол мүлде басқа елдің азаматы болып шыққан. Сондықтан қазір қамауда отыр", - деді Смадияров.
Ол Қазақстан консулдығы бұл істі ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті. Қазір дипломаттар әйелді денсаулық жағдайына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды сұрап жатыр.