Оқиға

20 метрге ұшып кеткен: Шымкентте анасы мен қызын көлік қақты – видео

Зардап шеккендер оқиға орнында қайтыс болды
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қайғылы оқиға Шымкентте 10 қазан күні таңғы сағат 10 шамасында болды.
Mitsubishi Pajero көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жылдамдығын азайтпастан, жаяу жүргіншілерді қағып өтті.
Салдарынан 43 жастағы әйел мен 16 жастағы қызы сол жерде жан тапсырды.
Соққыдан олар 20 метр жерге дейін ұшып кеткен.
Жол апаты болған жерде полиция мамандары тергеу жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалады.