Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылған. Барлығы 120-дан астам техника мен 700-ге жуық адам тартылды. Өрт аумағы 2000 гектардан асады.
"Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, сондай-ақ Алтай ауданы мен Өскемен қаласында өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Ұлан ауданындағы Герасимовка ауылында және Каменский ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, Алтай ауданының Серебрянск қаласында және Өскемен қаласындағы Машиностроителей көшесінің бойында өрт сөндірілді," - деп толықтырды ведомство.
Өңірдегі өрттің аумағы 2000 гектардан асқан. Өртке ыстық және құрғақ ауа райы себеп болды.