Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асты

Sputnik
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Ұлттық банк.

"Қазақстанның 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда II тоқсандағы сыртқы борышы 2,3% - ке өсіп, $164,2 млрд-қа жетті", - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектордың – банктердің және басқа секторлардың қарыздары есебінен 4 млрд-тан 1 129,15 млрд-қа дейін өсті.