АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Беларусь президенттері Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин бірлескен аймақтық әскерлер тобын жасақтауға келісті.
"Одақтың батыс шекарасындағы шиеленіске байланысты біз Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аймақтық тобын жасақтауға келістік. Мұның бәрі біздің құжаттарымызда көрсетілген. Егер қауіп-қатер деңгейі қазіргі деңгейге жететін болса, Одақтас мемлекеттің әскерін іске қоса бастаймыз", - деп "Пул первого" телеграм каналы Алесандр Лукашенконың сөзінен үзінді келтірді.
"Бұл топтың тірегі – армия, Беларусь Республикасының Қарулы күштері. Бұл топты жасақтау басталғанын хабарлаймын. Екі күннен бері жұмыс жүріп жатыр. Осы топты құруға тапсырма бердім", - деді Беларусь басшысы.