АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Астана тұрғындары өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді бірнеше тәсілмен онлайн ала алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдермен алуға болады:
Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.
Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болады.
Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz "электрондық үкімет" порталы "Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару" бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 20 қарашада өтеді.