АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Астанада бір күн ішінде заңсыз ұшырылған екі ұшқышсыз ұшу аппараты анықталды. Дрондардың иелері – Ресей азаматтары, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 және 28 жастағы екі ресейлік қорғаныс министрлігі мен жағалау маңында дрон ұшырған. Олар "Есіл" ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Екеуінде де квадрокоптерді пайдалануға рұқсат құжаттары болмаған. Қос факті әртүрлі уақытта болды. Құқықбұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Қазіргі таңда материал заңды шешім қабылдау үшін азаматтық авиация комитетіне жіберілді.
Сондай-ақ Астананың полиция департаменті Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.