"Алматыэлектротранс" бас директоры қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қазан-Sputnik. "Алматыэлектротранс" ЖШС Бас директоры Бекмырза Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауға алынды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Бекмырза Игенбердиновке 2 ай қамаумен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы тағайындалды", - деп мәлімдеді ведомоство.

Айта кетейік, 160 мың доллар пара алды деп күдіктелген Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауда болады.