Жергілікті тұрғындар мен мегаполис қонақтары көбіне Медеу жолындағы Кіші Алматы шатқалында серуендегенді ұнатады.
Қала орталығынан бұл жаққа жету де оңай: шамамен 15 минут автобуспен жүріп өткенде-ақ зәулім үйлердің орнына көз тұндырар табиғат сұлулығы пайда болады.
Аласа бұталар өскен таудың реңкі де қызғылт сары түске ауысып жатыр.
Қою жасыл, кейде қара түске жақын осы күзгі өрнектердің аясында Тянь-Шань шыршалары алып тауларға ұқсайды.
Шатқал түбінде ағып жатқан Кіші Алматы тау өзені де жаз күніндегідей салқындататын сипатта емес.
Өзендегі судың салқындығы соншалық, қолыңды қарып өтеді.
Мұнда күнтізбеге күз кіргені әр аумақтан анық сезіледі.
Мұның барлығы Алматыдағы көрікті күздің бастамасы ғана.
Терренкурдегі серуен аймағындағы суатты мекендеген үйректер де жаз кезіндегідей белсенді емес. Құстар туристер тастаған нан қиқымдарына да еріне жүзіп келеді. Кейбірі тіпті жағалаудан жылжымай жата береді.
Жақын күндері олар бірнеше ай бойы паналаған суатты тастап, жылы жаққа ұшып кетеді.
Шамамен екі аптадан кейін айналаға толық күз келеді.
Сол кезде тау бөктеріндегі барлық ағаштың түсі өзгеріп, айналаны алтын көмкергендей көрініс қалыптасады.
Тек ғасырлар бойы тау бөктерінде жайқалып тұрған Тянь-Шань шыршалары ғана қар жауғанға дейін күнге ұмтылған қалпынан танбайды.
Күн сәулелері сарғайып жатқан жапырақтар арасынан көзге түсіп, көгілдір аспан жақында күздің қызғылт-сары түстерін әппақ қар жабатынын ескертіп тұрғандай.
Жапырақ жапқан табиғат әдемі естелік болатын суреттер түсіруге таптырмас әсем пейзаж болады.