Президент сайлауы - 2022

Жигули Дайрабаев президентікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді - ОСК

Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевтың президентікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келетінін мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын", - делінген ОСК қаулысында.
ОСК хабарлауынша, құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Жигули Дайрабаевты кандидат ретінде тіркеуге кедергілер жоқ екені анықталды.
Мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 7 жыл.
Лингвистикалық комиссияның 8 қазандағы қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Айта кетсек, Жигули Дайрабаев 30 қыркүйекте "Ауыл" партиясынан президентікке үміткер ретінде ұсынылды.