АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған, деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Қазақстанда 3-7 қазан аралығында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары аяқталды.
Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ қолбасшылығының әскерді басқаруды жоспарлау, тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ күштердің далалық дайындық деңгейі және іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Бұған дейін Қырғызстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен 10 қазаннан бастап республика аумағында өтетін "Мызғымас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізбейтіні белгілі болды.