Қар, жаңбыр, тұман: Қазақстанда 10 қазанда қандай ауа райы болады

Қазгидромет ертең елімізде қандай ауа райы болатыны туралы ақпаратты жариялады
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Синоптиктер 10 қазандадағы ауа райы болжамымен бөлісті.
Республиканың басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады да, соның нәтижесінде бұл аймақта негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республиканың шығыс облыстарының ауа райына циклон бөлігі және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді де, бұл жаңбыр мен қар жаууына ықпал етеді", - деп жазылған Қазгидромет таратқан хабарламада.
Республикада кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, батыста, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі.