АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Атырау облысында түнде екі жол апаты болып екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары - Ақкиізтоғай тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі қаза болды.
Сағат 06:30 шамасында Доссор - Бейнеу тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған.
Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.