ҰҚК департамент басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Мұқановқа және басқа да жауапты мамандарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеп жатыр. 2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Қаңтар оқиғасы
ҰҚК-ның бұрынғы төрт департамент басшысы тергеуге алынды