АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Путиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Кездесу Константинов сарайында ұйымдастырылды.
Бейресми кездесуге сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.
Бұған дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Путинді туған күнімен құттықтаған болатын.