Қарақат Әбден президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қарақат Әбден президенттікке үміткер ретінде ұсынылды.
Қоғам қайраткері, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Қарақат Әбденді президенттікке үміткер ретінде Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы ұсынды.
Қарақат Әбден – қоғам қайраткері, президент жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, 4 баланың анасы.
1974 жылы Ақмола облысында туған. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет еткен, соның ішінде салық комитеті орталық аппаратында, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт.
Астана мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәлімгерінің менторы, тәрбиешісі.