АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Астана қаласының Алтай Көлгінов қаладағы халықтың саны жылдам өсіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2001 жылы Астананың бас жоспары қабылданған кезде 30 жылдан кейін қалада 850 мың адам тұрады деген болжам болған. Артынан жоспарға бір-екі өзгеріс енгізуге тура келді. Себебі халықтың саны жылдам өсіп келеді.
"Биыл біз бас жоспарға тағы өзгеріс енгізіп жатырмыз. Осы күзде қоғамдық талқылауға шығарамыз. Қазіргі болжам бойынша 2030 жылы 2 миллионнан астам халық тұратын болады", - деді Көлгінов мәслихат отырысында.
Әкімнің айтуынша, Астанада он жыл сайын халықтың саны екі есеге өсіп келеді.
"Бұрын жылына 20-30 мың адам қосылса, артынан 50-60 мың, биылдан бастап + 100 мың болып отыр. Сонда халықтың саны арифметикалық прогрессияда өсіп жатыр. Келесі жылы елордада уақытша жұмыс келетіндер, туристер мен келіп кететіндерді санамағанда ресми түрде 1,5 миллион адам тұратын болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.
Айта кетері, бүгінгі отырыста халықтың өсуі ескере отырып, жаңа ауданды құру ұсынылды. Осы жылдың аяғына дейін үкіметке тиісті құжаттар енгізіледі.