Елорда тынысы

Астанада жаңа стадион салынады

Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Астана қаласының Алтай Көлгінов ескі стадионның орнында тура сондай жаңа нысан салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәслихат отырысында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның болашағына қатысты сұрақ қойылды. Әкімнің айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары басталғанда ол нысанның апаттық жағдайда тұрғаны анықталды. Енді, стадионды бұзып, орнына жаңасын салу қажет.
"Ақмола мен Целиноград кезінде одан артық стадион болған жоқ. Қазір ол нысан апаттық жағдайда тұр. Бірінші жоспар бойынша күрделі жөндеуден өтеді деген жобамыз болған. 2020 жылы республикалық бюджеттен қаражат алдық та, оны бастап кетіп едік. Бірақ мердігер апаттық жағдайды айтып, сала алмаймын деп шықты. Содан соңғы екі жыл жоспарды түзетуге кетті. Оны бұзып, жаңадан салу қажет", - деді Көлгінов.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа стадион еуропалық талаптарға сәйке салынады. Бірақ нысанның аумағы да, қазіргі пішіні сол күйінде қалады.
"Қазіргідей шағын стадион болады. Бірақ халықаралық стандарттарға сай жарыстарды өткізуге жағдай жасалады. Футболдан бөлек жеңіл атлетикамен және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік болады. Ал отыратын орындардың саны 5 мыңға дейін көбейеді", - деп атап көрсетті қала басшысы.
Қазіргі жоспарға сәйкес, келесі жылы көктемге қарай жобасы дайын болады. Көлгінов ескі стадионның болашақ тағдыры туралы айтты