Тоқавтың кандидатурасын ұсынған ұйымдар халық коалициясын құрды

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Президент сайлауына Тоқавтың кандидатурасын ұсынған ұйымдар халық коалициясын құруға келісті. Бұл туралы Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партия мен саяси бірлестік президенттікке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халық коалициясын құруға келісімге келдік", - деді Қошанов.
Оның айтуынша, түстен кейін коалиция құрған ұйымдардың форумы өтеді. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады
"Баршаңызды әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылуға шақырамын", - деп түйіндеді партия төрағасы.
Айта кетері, кешеден бері бірнеше республикалық және қоғамдық ұйым Тоқаевты президентікке үміткер ретінде ұсынды. Бүгін Amanat пен Қазақстан халық партиясы да оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ – әділет министрі