АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауына халық коалициясының атынан қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін бірнеше республикалық ұйым Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Ал бүгін үш бірдей партия – Amanat, Ақ жол мен Қазақстан халық партиясы қазіргі президентті қолдап, өз кандидаты ретінде жариялады. Осылайша, барлығы халықтық коалицияға бірігіп, арнайы форумда Тоқаевты ортақ кандидат ретінде шығарды. Жиынға мемлекет басшысы да шақырылды.
"Түрлі қоғамдық ұйымдар маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыда бейтарап болуға қажеттігін айттым. Осы ұстаным өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқанандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымызды білдіремін!", - деді Тоқаев.
Оның айтуныша, жақын арада сайлауалды платформа жарияланады. Осы құжатта елді жан-жақты трансформациялау мен халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша шаралар қамтылады.
Бұдан бөлек, президент алдағы реформаларға да тоқталып, қоғамда білім үстемдігін қалыптастыратын кез келгенін ерекше атап өтті. Қазіргі кезде қала және ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты жою үшін нақты шаралар қолға алынды.
Білім сапасы төмен жоғары оқу орындары жабыла бастады. Дарынды жастарды қолдау үшін "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты грант беріле бастады.
Жас ғалымдарға әлемнің беделді ғылыми орталықтарында озық білім алу үшін 500 және "Жас ғалым" жобасы аясында 1000 грант бөлінді.
"Жалпы, білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады. Мен бұл салаларға ерекше мән беремін. Қоғамда білім үстемдігін қалыптастыратын кез келді", - деп атап көрсетті Тоқаев.