АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 60 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 59 науқас тіркелген болатын.
6 қазандағы мәлімет бойынша 1 129 адам коронавирус инфекциясынан (–997 + және 132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 010 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1.
4 адамның жағдайы ауыр,2.
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,3.
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.2020 жылдың наурыз айынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 393 839 науқас тіркелді.