АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазгидромет 7 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің солтүстік, батыс өнірлерінің ауа райына, солтүстік-батыстан келетін циклон жырасы әсер етеді, осаған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай мен жаңбыр жауады.
Еліміздің шығыс жартысы әлі де, антициклон жотасының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.