АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік адамының негізгі қасиетіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін республикалық ұйымдар мен саяси партиялар халықтық коалицияға бірігіп, алдағы президенттік сайлауға Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Президент өз келісімін берді.
Форумға қатысқан мемлекет басшысы өз ризашылығын білдірді. Билік адамының негізгі қасиетіне де тоқталды.
"Қолында билігі бар саясаткерлер елдің мүддесі үшін аса маңызды мәселелерді шешу кезінде ерік-жігер танытуға міндетті. Мен осы пікірді берік ұстанамын. Жауапты саясаткер әрдайым рационалды, икемді және мықты. Нағыз патриот ешқашан жұрттың алдында көрініп, әлек болмайды, ол қауіп-қатердің өсіп жатқанын ескеріп, ұлттың бірлігін ойлайды", - деді Тоқаев.