Халық коалициясының құрамы белгілі болды

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халық коалициясының форумы басталды.
Коалицияға Қазақстан халық партиясы, Ақ жол партиясы, Amanat партиясы, сондай-ақ, 20-ға жуық республикалық және қоғамдық ұйым енді.
Халық коалициясы президентікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Ерлан Қошановтың айтуынша, арнайы жұмыс штабы құрылады. Оған барлық ұйымдардың өкілдері кіреді.
"Барлығымыз әртүрлі ұйым мен партия өкіліміз, бірақ бәріміз бір тудың астында бірігіп отырмыз. Оның атауы - Әділетті Қазақстанды құру. Біз осы қадам арқылы дала демократиясының дәстүріне беріктігімізді көрсетіп, өткен ғасырларда ордалы Ордабасыда, қасиетті Қарақұмда, ұлт бесігі Ұлытауда шақырылған тарихи құрылтайлардың табиғи сабақтастығын жалғап отырмыз", - деді Қошанов.