Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Ақтөбе перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде.
Дәрігерлердің мәліметінше, бұл бір жылда облыстық перинаталдық орталықта туған екінші үшем.
Салмағы 2060,0 г, 1930,0 г, 2260,0 г тартатын қыз балалар жүктіліктің 32 аптасында операция арқылы мерзімінен бұрын дүниеге келген.
"Ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақты, жақын арада сәбилер салмақ қосады, көпбалалы ана күш-қуатын қалпына келтіреді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Бірден үш адаммен толыққан отбасы енді көпбалалы отбасы мәртебесін алады, себебі үшемді үйде тағы үш бала күтіп отыр.
Дәрігерлер ана мен сәбилерге зор денсаулық тіледі.