АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Amanat партиясы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
"Бізге лайықты көшбасшы керек. Біз үшін ең лайықты үміткер сол. Сіздерді осы ұсынысты қолдауға шақырамын", - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов Amanat-тың кезектен тыс XXIV съезінде.
Қошанов соңғы бірнеше жылда сын-қатердің аз болмағанын, сол кезде Тоқаевтың "партиямен бірге болғанын" ерекше атап өтті. Ол қаңтар оқиғасын да еске алып, президенттің барлық жауапкершілікті өз мойнына алғанын, ең бастысы көк байрағымызды төмен түсірмегенін айтты.
Айта кетері, заң бойынша президенттікке кандидатты саяси партиялар, республикалық және қоғамдық ұйымдар ұсына алады