АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр", - делінген хабарламада.
Соңғы рет қыркүйек айында базалық ставканы 14,5% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылданды.