АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкен Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.
Ол сайлауға қатысуға келісім беріп, ОСК есепшотына сайлау жарнасын енгізу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш жазды.
Мейрам Қажыкен 1961 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Ол Павлодар облысы Май ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (инженер-гидротехник), Мәскеу гидромелиоративтік институтының аспирантурасын, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген.