Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстың себебін атады

Тексеру көрсеткендей, дүкенде оқ-дәріні тасымалдау және сақтау ережелері бұзылған
Sputnik
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қостанайдағы "Оружейная палата" қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа жертөледе дұрыс тасымалданбаған және сақталмаған оқ-дәрінің тұтануы себеп болған.
Сарапшылар осындай қорытынды жасады, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан "Сокол" маркалы 40 килограмм оқ-дәріні әр қарай сату үшін сатып алған.
"Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып жеткізілген және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар оқ-дәрінің тұтануы жарылысқа себеп болды, бұл нысанның қирауына және өртке әкелді деген қорытындыға келді", - деп хабарлады бас прокуратурада.
Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауапкершілік дәрежесін анықтап жатыр.