Атырауда кәсіпкер мемлекетке 263,7 млн теңге қарыз болып қалған

Sputnik
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Атырау облысында бизнесмен салық төлемегені үшін сотталды. Ол мемлекетке 263,7 миллион теңге қарыз болып қалған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"БатысТехноСервисез"ЖШС-ның бұрынғы директоры, коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 миллион теңге салықты төлеуден жалтарғаны анықталды.
"Осыған байланысты, серіктестік директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сот үкімімен коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл және 4 ай шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды", - деп хабарлады прокуратура.
Экономика
Қазақстандықтар 24,3 млрд теңге салық төлемеген