Шымкентте ер адам құрылыс нысанында тоққа түсті

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Шымкентте ер адам құрылыс нысанында тоққа түсті. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқыс оқиға 1 қазанда Абай ауданыда болған, деп хабарлайды Отырар.
47 жастағы ер адам құрылысы жүргізіліп жатқан автожуу ғимаратында тоққа түскен.
"Айдос" жеке кәсіпкерлік нысанының аумағында 1975 жылы туған ер адам құрылыс жұмыстары кезінде тоққа түсті. Ол ауруханаға жеткізілді. Денесінің 30-35 процентін күйік шалған. Жағдайы орташа", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Құтқарушылар тоққа түскен адамды ғимарат шатырынан түсіріп, жедел жәрдемге жеткізген.