Қызылорда облысында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды

Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысты. Салдарынан​ 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.