Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталды

Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. 1 қазанда Атырау мұнай өндіру зауытында жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ақжайық ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технологиялық объектілерді жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Зауыттағы құрылғылар мұнайды екі кезеңдік жүйе бойынша өңдейді, яғни бірінен кейін бірі тоқтатылып, іске қосылады. Сондықтан нысандар жұмысын толық тоқтатпайды. Жөндеу барысында зауыт 50-70%-ке тең қуаттылықпен мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырады", - делінген хабарламада.
Қазан-қараша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 11 347 тонна. Бұл зауыттың жобалық қуаттылығының 68%-не тең.
Сондай-ақ, мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші: 2 400 т автобензин, 2 600 т дизельді отын, 240 т реактивті отын және 170 т сұйытылған газды құрайды.
Бұған дейін зауыттағы жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айына белгіленген болатын. Алайда жанар-жағар май нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 1 қазанына қалдырылды.