АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 63 адам тіркелді.
Бір күн бұрын республика бойынша 89 адамнан коронавирус табылған болатын.
Жалпы пандемия басталғалы бері 1 393 620 қазақстандық вирус жұқтырды.
1 қазандағы мәлімет бойынша, 1 276 адам коронавирус инфекциясынан (–1 150+ және 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 134 пациент стационарда, 1 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 593 094 адам вакцинаның екі дозасын салдырды. 5 540 977 адам ревакцинация жасады.