АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Оралға Самара мен Тольяттиден автобус қатынасы жанданады. Бірінші рейс бүгін, 1 қазан күні жүреді.
Өңірлік "Мой город" басылымының ақпаратынша, 28 қыркүйекте шекарадағы жағдайға байланысты Самара мен Оралға автобус қатынасы уақытша тоқтатылған болатын.
Сол кезде Самара облысындағы "Маштаково" шекара бекетінде белгісіз біреулер кезекте тұрған рейстік автобусты аударып, жүргізушілерге қоқан-лоққы көрсеткен.
Оралдағы автовокзалдың басшысы Талғат Бисекеновтің айтуынша, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар Оралдан Самара мен Тольяттиге баратын рейсті де тоқтатқан.
Сондай-ақ сұранысқа байланысты автовокзал Астана мен Алматыға тұрақты емес рейстерді іске қосты.