Саясат

Тоқаев Абай облысына барды

Бұл президенттің Абай облысы құрылғалы бері өңірге жасаған алғашқы сапары
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында президент Семей жұртшылығымен кездесіп, өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралап көруді жоспарлап отыр.
Айта кетері, бұл Тоқаевтың Абай облысы құрылғалы бері өңірге жасаған алғашқы сапары.
Еске салсақ, биыл жазда президенттің жарлығымен Қазақстанда жаңа үш облыс құрылды: Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары.
Абай облысын Нұрлан Ұранхаев басқарды.